Әлем

Жаңа оқу жылында Ресейге қалай кіруге болады – студенттерге арналған ереже түсіндірілді

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото
Пассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі пандемия кезінде елге кіруге қатысты ақпаратты нақтылауға болатын "қауырт желіні" іске қосты

МӘСКЕУ, 4 тамыз – Sputnik. Коронавирус пандемиясы жалғасып жатқанына қарамастан, Ресейде оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте  басталады. Бұл туралы "Россотрудничество" агенттігінде 2021 жылы Ресей жоғары оқу орындарында білім алуға шетел азаматтарын іріктеу науқанының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

"Студенттерді елге кіргізу немесе кіргізбеу біздің құзыретіміздегі шаруа емес. Бірақ біз оқуға түскен шетелдіктердің құқығын қорғаймыз, биліктен кіруге рұқсат беруін сұраймыз, – деп мәлімдеді агенттік басшысы Евгений Примаков. –  Қазір Ресей үкіметінің қаулысымен бекітілген елдердің тізіміндегі азаматтар білім алу үшін елге кіре алады және бұл тізім үнемі өзгеріп отырады".

Әңгіме №636 қаулы туралы болып отыр, ондағы №1 қосымшада қазіргі уақытта Ресейге кіруге рұқсат алған 50 мемлекет көрсетілген, деді Евгений Примаков. Соған қарамастан, егер ел бұл тізімге кірмесе, келу мүмкіндігін жеке талқылауға болады.

"Көптеген жағдайда кіру мәселесін ЖОО қадағалайды, олар өз тарапынан білім және ғылым министрлігінен, үкімет комиссиясынан кіруге рұқсат сұрата алады", - деді Евгений Примаков.

Сондай-ақ, Россотрудничество басшысының айтуынша, Ресей жоғары білім және ғылым министрлігінің жанынан студенттерге арналған "қауырт желісі" бар жағдаяттық орталық жұмыс істейді: +7 (495) 198-00-00. Бұл телефон нөмірі арқылы әр елдің азаматтарына кіру ережесін нақтылауға болады.

Медициналық талаптар баршаға ортақ болып қала береді: студент Ресейге келгенге дейін 3 күнтізбелік күннің ішінде коронавирусқа ПТР тест тапсыруы керек. Теріс тест нәтижесі туралы құжат орыс немесе ағылшын тілінде басылуға тиіс. Ресейге келгеннен кейін студент тағы ПТР тест тапсырып, нәтиже шыққанға дейін өзін-өзі оқшаулауы керек. Егер студент келгенде оқу жылы басталып кетсе, ол ПТР нәтижесі алынғанға дейін сабаққа тек онлайн форматта қатыса алады.

Студенттерді вакциналауға және вакциналау туралы шетелдік сертификаттарды тануға келетін болсақ, бұл мәселені қазір Ресей денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр, деді Евгений Примаков.

"Вакциналау және шетелдік вакциналарды тану мәселесін қазір Ресей денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр. Яғни, біз жігіттерге не егілгенін анықтауымыз керек. Pfizer, AstraZeneca және тағы басқа вакциналардың біздің шекарадан өтуге жарамдылығы мәселесін денсаулық сақтау министрлігі шешуі керек", - деді ол.  

Жаңалықтар
0