Өңірлер

"Керуен сарай" маңындағы жағдай тұрғындардың ашуын тудырды – видео

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиТуристический комплекс "Керуен Сарай" в Туркестане
Туристический комплекс Керуен Сарай в Туркестане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Sembol компаниясы өкілінің айтуынша, ағаштарды "Эко Лайф" компаниясы отырғызған. Олар өз қаражатына қалпына келтіреді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Түркістанда "Керуен-сарайға" кіреберісте қураған ағаштардың видеосы тарап жатыр. Ағаштардың небәрі бірнеше айдан соң мұндай күйге түсуіне кім кінәлі екенін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты.

"Әдемі, бірақ қымбат ағаштың 80 процентке жуығы мүшкіл жағдайда. Оларды әсемдік үшін асфальтқа бекіте салған. Аптап ыстықта суару қиын болған сияқты. Өлі ағаштар бұл жердің шырқын бұзады", - деп жазды Facebook-те Полина Шиманская.

Бұл жағдайдың  себебін білу үшін Қалқаманов тікелей эфирде мердігер компания өкіліне сауал қойды. Sembol компаниясы өкілінің айтуынша, ағаштарды "Эко Лайф" компаниясы отырғызған.

"Нысанды ашуға асығып, ағаш отырғызған кезде технологияларды сақтамаған. Олар мұны мойындап отыр. Биыл ағаштарды ауыстыруға уәде берді. Сондай-ақ бұл жақтың климатына арналмаған ағаштар екенін де айтты. Олар бәрін өз ақшасына ауыстырады", - деді Қалқаманов.

Әкім орынбасарының сөзінше, ағаштардың бәрі қурамаған. Қаншасын қалпына келтіруге болатынын сараптама шешеді.

Жаңалықтар
0