Өңірлер

Тоқсан сайын сыйақы беріледі: Алматы полициясы қызметкер іздеп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейский автомобиль на дороге в Алматы
Полицейский автомобиль на дороге в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Ішкі істер органдарында қызмет ету үшін азамат мемлекеттік тілді білуі қажет. Полицейдің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетті болуға тиіс

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы ішкі істер органдарында қызмет етуге жарамды 18 жасқа толған азаматтарды жұмысқа қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол үшін азамат мемлекеттік тілді білуі қажет. Сондай-ақ жеке және іскерлік қасиеттері мен денсаулық жағдайы бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетті болуы қажет.

Ішкі істер қызметкерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Полиция департаментінің өз емханасы бар. Жалақы тұрақты түрде төленеді. Офицерлерге орташа есеппен 121 439 теңге, сержанттар үшін – 108 884 теңге. Ішкі істер қызметкерлеріне:

  • жыл сайынғы ақылы демалыс;
  • тоқсан сайын сыйақы;
  • отбасының әрбір мүшесіне 42 192 теңге көлемінде тұрғын үй төлемі (жеке тұрғын үйі жоқтарға);
  • материалдық көмек беріледі (балалар туғанда, некеге тұрғанда, жақын туысы қайтыс болғанда және т.б.);
  • зейнетақымен қамтылады;
  • полиция қызметкерлерінің баласы мектепке дейінгі мекемелерге кезектен тыс қабылданады.

Сонымен қатар ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі қарастылған. Оның ішіне арнайы бастапқы дайындық, бакалавр, магистратура, докторантура, біліктілікті арттыру кіреді.

Алғашқы кәсіптік даярлықты сәтті аяқтаған үміткерлер құқық қорғау қызметіне сынақ мерзімінсіз қабылданады және кластық шен беріледі.

Жаңалықтар
0