Өңірлер

Алматы әуежайында ПТР анықтамасын сатып алған туристер ұсталды

© Photo : РСК АлматыАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Жалған құжат иелері Дубайға демалуға бара жатқан жекеменшік компанияның қызметкерлері болып шықты. Олар енді ірі көлемде айыппұл төлейді немесе қамауға алынады

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Әуежайда жалған ПТР анықтамасын қолданған жекеменшік алматылық фирманың сегіз қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанованың айтуынша, оқиға 30 шілдеде болған.

Запакованные шприцы с вакциной от коронавируса в лотке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Оқиға
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Ұсталған сегіз адам Алматыдағы жекеменшік фирманың қызметкері, оларға ерекше қызметі үшін сыйлық ретінде Дубайға жолдама берілген.

Жауап алу кезінде құқық бұзушылар ПТР анықтамасын интернет арқылы сатып алғанын жеткізді.

Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық Кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы бап бойынша 160 АЕК (466 720 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Көлік полициясы бұл биыл Алматы әуежайында анықталған он бірінші факт екенін айтты.

Жаңалықтар
0