Өңірлер

Өзбекстан президенті Түркістанда зәулім мешіт салып жатыр – фото

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиМечеть, которую строит Узбекистан в Туркестане
Мечеть, которую строит Узбекистан в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Көрші мемлекеттің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді.

Жобаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Көрші мемлекеттің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістан қаласында Өзбекстан салып жатқан мешіт
Өзбекстан президенті Түркістанда зәулім мешіт салып жатыр – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Түркістан қаласында Өзбекстан салып жатқан мешіт

Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында болды. Жауапты басшылармен кездесіп, тапсырмалар жүктеді.

Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде салынып жатыр. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 000 шаршы метр.

Жаңалықтар
0