Видео

Жарылыстан кейінгі бір жыл: Бейруттың бүгінгі бейнесі - видео

Жазылу
Ол Ливандағы ең үлкен және әлемдегі ірі теңіз портының бірі болды. Оның бес километрден астам айлағынан күніне миллион тонна жүк өтетін. Жарылысқа дейін...

Осыдан бір жыл бұрын, 2020 жылдың 4 тамызында Бейрут портта болған жарылыстан дүр сілкінді. Жарылыс толқыны мен соққысынан қаланың жүздеген ғимараттары мен мыңдаған адамдары зардап шекті. Желіде шіркеудегі жандардың аман қалуы, тойға жиналған қауымның қауырт тарауы, жермен жексен болған ғимараттардың видеосы пайда болды.

Ливияда портта қаза болғандарды аза тұтуға арналған қаралы күн жарияланып, көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да жарылыстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті.

Бүгін күні жарылыстан туындаған қирандыларды тазалауда өзге елдер көмек қолын созса да портта әлі де үйінділер бар. Жанып кеткен көліктер, қираған ғимараттар, металл конструкциялардың бөлшектері -  мұның бәрі жарылыс орнында қайғылы күннің белгісіндей қалуда.

Ал айлақ жанында жарылыс себепшісі болған сау-тамтығы қалмаған кеме тұр. Бүгінгі Бейрут портының жағдайын видеодан көре аласыздар.

Оқи отырыңыз: Каспий теңізіндегі өрт видеоға түсіп қалды

 

 

Жаңалықтар
0