Әлем

Спортшылар допинг бақылауынан қалай өтіп жатыр

© REUTERS / CHRIS GRAYTHENТехнические сотрудники устанавливают дополнительные блины на штангу перед выступлением спортсмена на Олимпиаде
Технические сотрудники устанавливают дополнительные блины на штангу перед выступлением спортсмена на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Ресей спортшылары Токиодағы Олимпиада ойындарында қысқартылған құраммен келді: әдеттегі жүз атлеттің орнында он спортшы ғана, деп жазды РИА Новости.

Мемлекет туы жоқ бейтарап формада өнер көрсетіп, күн сайын допингке анализ тапсыруға мәжбүр. Әйтсе де осы қиындықтарға қарамастан, ресейлік спортшылар жеңіске жетіп жатыр.

Жасыратыны жоқ, батыстағылар ресейлік спортшылар допинг тестен өте алмайды деп күткен болатын. Алайда ресейлік құрама допингке қатысты айтылған мәлімдеме мен жаңалықтардың барлығы ойдан құрастырылған дақпырт екенін дәлелдеді.

Бірақ батыстық спортшылардың, соның ішінде америкалық атлеттердің "терапевтік көрсеткіш бойынша" ине салғызып жатқаны күдік тудырады. Мұны кейбіреулер "допинг лицензиясы" деп атайды.

Өзбекстандық ауыр атлетші Ақбар Джураев - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Спорт
Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында "алтын" алуға көмектесті
Оған рұқсат алу да аса қиын емес. Спортшы өзінің ұлттық антидопинг комитетіне дәрігердің анықтамасын алып барып, еш қиындықсыз тыйым салынған заттарды қолдануға рұқсат алады.

Бірақ мұндай рұқсаттарды ұсыну және оның мазмұны аса құпия сақталатыны қызық. Себебі ол спортшының медициналық көрсеткіштері, жеке деректері. Ұлттық антидопинг комитетінің есебі адам түсінбейтіндей мазмұнда жазылатыны сондықтан болар.

Допингпен күресіп жүрген австралиялық белсенділер 2012 жылы инсулиннен бастап риталингке дейінгі күшті әсер ететін 37 дәрілік затқа терапевтік рұқсат берілгенін анықтады. Алайда нақты қай препарат бойынша кімге және қанша рет рұқсат берілгенін ешкім білмейді.

Дүниежүзілік антидопинг агенттігі WADA-ның мәліметтер базасына хакерлер шабуыл жасауының арқасында ғана батыс спортшыларының бәсекелестерден озу үшін түрлі химияны қабылдағаны анықталды.

Әйгілі британдық желаяқ Мо Фараның анализдерінен морфин, викодин, триамцинолон анықталды. Алайда оның Олимпиададағы алтынына ешкім күмәнданған жоқ. Оны шеттету туралы сөз қозғалған жоқ. Ұлыбритания патшайымы оған рыцарь атағын беріп, Мо өзінің спорттағы карьерасын жалғастырды. Құрамаға іріктеуден өтсе, Токиода да жарысқа түсер ме еді.

Тыйым салынған заттар бірнеше жыл бойы апалы-сіңілілі Уильямстар мен Симона Байлздың допинг-тесттерінен табылып жатты. Алайда үш спортшы да жарысқа қатысуға жолдама алып, жеңіске жетті.

Боксер Алиев устроил перформанс на ринге после своего поражения - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Спорт
Токио Олимпиадасында ерсі қылық көрсеткен Әлиев қатаң жазаға тартылды
Танымал журнал USA Today бірнеше жыл бұрын Дүниежүзілін антидопинг агенттігіне Уильямстардың анализі және терапевтік себептері туралы сауалнама жолдаған болатын.

Бірақ антидопингтік ұйым бұл сауалға жауап қайтармады. Ешқандай ақпарат жария етілмеді. Сондықтан журналистерге америкалық антидопинг агенттігінің Уильямстар мен Байлздың еш кінәсі жоқ екені туралы мәлімдемесін місе тұтуға тура келді.

Сол кезде Байлз бала кезден гипербелсенділік және көңіл бөлу тапшылығына душар болғанын, сондықтан WADA оған риталин қабылдауға рұқсат бергенін айтты. Мұның қандай салдарға алып келгеніне Токио олимпиадасында куә болдық.

Американың антидоипнг агенттігінің басшысы Трэвис Тайгарт орыс спортшыларға шүйліккені де таңғалдырады. Ол Ресейді "допинг қабылдауды мемлекет тұрғысынан қолдайды" деп айыптап, Олимпиадаға жолдама алған барлық ресейлік спортшының допинг анализдерінің нәтижесін жариялауды талап етті. Алайда ресейлік спортшылардың жасыратын ештеңесі жоқ. Халықаралық олимпиада комитеті орыс спортшыларының сынамалары таза екенін растады.

Ресей спортшыларының әлемдік деңгейдегі жарыстардағы қысымға еті үйренді. Алайда көрерменге түрлі сезім сыйлап, әр елдің өз командасына шын жанкүйер болып, жеңістің шынайы екеніне күмәнданбайтын деңгейде өтуге тиіс Олимпиада ойындарының да саясаттандырылып, әділетсіз жарыс алаңына айналғаны күйіндіреді.

Жаңалықтар
0