Әскери роботтардың болашағы қандай

© Photo : Министерство обороны РФ / Медиабанкке өту
  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Ресей әскерінің қатарында құрамында ондаған автономды соққы жасаушы робот бар алғашқы бөлімшелер қалыптасып жатыр

Соғыс кезінде өз бетінше әрекет ете алатын жасанды интеллектімен қамтылған роботтар бүгінгі күні Ресей армиясына кеңінен енгізіліп келеді. Олар тек оқу-жаттығу кезінде ғана емес, жауынгерлік қолданудың барлық саласында пайдаланылуда.

30 шілдеде роботтандырылған техниканы қолданумен өткізілген инженерлік әскердің ауқымды үш күндік маневрлері аяқталды. Батыс әскери округінде өткен бұл оқу-жаттығулар Ресей Федерациясының алты субъектісін, 12 полигон мен Ока өзенінің бір бөлігін қамтыды. Оған 8 мыңнан астам әскери мен 1 500-ге жуық техника жұмылдырылды. Оның қатарында "Уран-6" минадан тазалауға және "Уран-14" өрт сөндіруге арналған робот-техникалық кешен бар.

© Photo : Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуУран-6 робототехникалық кешені , архивтегі сурет.
Әскери роботтардың болашағы қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Уран-6 робототехникалық кешені , архивтегі сурет.

Нижегород облысының Мулино полигонында өткен оқу-жаттығу эпизодтарының бірінде инженерлік бөлімшелер әуе-десанттық әскермен бірлесіп "Уран" роботтарының қатысуымен қала аумағында шабуылдау әрекеттерін пысықтады. Бөлімшелер Сириядағы соғыс әрекеті кезінде жинақталған тәжірибені кеңінен қолданды.

Инженерлік әскердің өз ерекшелігі бар. Ол – бұзу және құрастыру. Жалпы Ресей әскерінде құрамында ондаған автономды соққы жасаушы роботы бар алғашқы бөлімшелер қалыптасып жатыр. Оларды соғыс кезінде қолдану тактикасы тек полигондарда ғана пысықталып жатқан жоқ. Өткен аптада сириялық содырлардың көзін жою үшін ресейлік "Соратник" роботын қолданудың видеосы жарияланды. Сирия Араб Республикасының аумағында Ресей Федерациясы қарулы күштеріне қолдау көрсеткен 7 тонналы шынжыр табанды броньдалған машина күндіз де, түнде де "жиһадшылардың" көліктері мен содырларға дәл тиген соққы жасап жатты.

Біраз күн бұрын Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу елде өз бетінше соғыса алатын жасанды интеллектімен жабдықталған соғыс роботтарының өндірісі басталғанын хабарлаған болатын.

"Бұл жай эксперименттік үлгі емес. Фантастикалық фильмдерде көрсетуге тұрарлықтай шынайы роботтар пайда болды", - деп атап өтті ол.

Осы тектес машиналармен әскерді жабдықтау басым бағыттардың бірі болып отыр. Ресейдің қорғаныс министрлігінде соғыс роботтарын армия қатарына енгізуге жауапты арнайы басқарма пайда болды. Себебі уақыт талабы бойынша Ресейде жасанды интеллектті дамыту бірінші кезектегі күттірмейтін мәселеге айналды. Қаруланудың барлық түрінде автоматтандырылған жүйені енгізуге ерекше мән беріліп отырғаны да сондықтан.

Бүгінде Ресейдің бірнеше қорғаныс кәсіпорнында әуе-ғарыш күштері, әскери-теңіз флоты мен құрлықтағы әскер үшін соғыс роботтары дайындалып жатыр. Солардың бірқатар танымал үлгілеріне тоқталсақ.

Жоғарыда аталған "Соратник" алғаш рет "Армия-2016" халықаралық әскери-техникалық форумында назарға ұсынылды. Ол оқ ату арқылы әскерді қолдауға, территорияны барлау мен патрульдеу жүргізуге, нысандарды күзетуге, минадан тазалауға және қоршауларды бұзуға, жанармай мен оқ-дәрі жеткізуге арналған. Соғыс алаңындағы екі "Соратник" өзара ақпарат алмаса алады. Автоматтандырылған бұл жүйе тәулік бойы кез келген климаттық жағдайда әрекет ете алады.

Соққы жасауға арналған "Уран-9" да соғыс жағдайында тексеруден өтті. Тұңғыш рет 2018 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс шеруінде таныстырылды. Барлау жүргізуге, әскерді қорғау мақсатында оқ жаудыруға және қарсыластың әскери техникасының көзін жоюға арналған. 12 тонналы броньдалған машинаға "Атака" басқарылатын қару-жарақ кешені орнатылған: танкке қарсы зымырандар, "Шмель" реактивті огнеметтері, 30 миллиметрлі автоматты зеңбірек, 7,62 миллиметрлі пулемет. Оның көзге түсу деңгейі де төмен және лазерлік сәулелену туралы ескертетін жүйемен жабдықталған.

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуҚызыл алаңдағы парадқа дайындық кезіндегі Т-14 танкі.
Әскери роботтардың болашағы қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Қызыл алаңдағы парадқа дайындық кезіндегі Т-14 танкі.

"Армата" шынжыр табанды платформадағы Т-14 пилотсыз танкі шілдеде тест сынақтарынан сәтті өтті. Толық роботтандырылған танктерді дайындауды сарапшылар Ресей қорғаныс өнеркәсібіндегі үлкен жетістік деп санайды. Себебі машина барлығын өз бетінше орындай алады да, нәтижесінде адамға оның соғыс жүргізудегі жасаған таңдауын растау ғана қажет болады. Жасанды интеллекті бар машинаның экспортқа ыңғайландырылған нұсқасы дайындалуы да ықтимал.

Сирияда танк бөлімшелерін қолдану тәжірибесі соғыс алаңында роботтандырылған кешендердің бірнеше түрінің болғаны қаншалықты тиімді екенін көрсетті. Роботтандырылған танктер оқ ату арқылы бір-бірін қорғап, желіде өзара тиімді байланысып, ақпарат алмасуы керек. 2025 жылға қарай Ресей әскерінің қатарында көп функциялы роботтар бөлімшесі пайда болады. Сондай-ақ 2027 жылға дейінгі қарулану бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында Ресей үш субмарина құрастырып, оның бортына алты торпеда орнатады.

Соғыс кезінде роботтарды қолдану арқылы адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді және олар тез дұрыс шешім қабылдай алады. Робот-техникалық кешендерді дамыту және оларды соғыс кезінде қолдану тұжырымдамасына сәйкес, 2025 жылға дейін Ресей армиясының қарулану және әскери техника құрылымындағы роботтардың үлесі 30 процентке жетуі керек.

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуКөпмақсатты "Посейдон" жүйесі.
Әскери роботтардың болашағы қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Көпмақсатты "Посейдон" жүйесі.

Бұл жүйелердің бірқатар бөлігі жасанды интеллект басқаруымен әрекет ететін толық автономды сипатта болады. Роботтандырудағы соңғы кезең – әскерді басқарудағы бірыңғай автоматтандырылған жүйе. Жоғары технологиялық қару-жарақ саласында белсенді әрекет етіп жатқан тек Ресей емес. Мысалы, алдағы он жылда Пентагон киберсоғысқа дайындық үшін 2,4 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр.

Пентагон үшін жасанды интеллект жүйелерін дайындаумен DARPA агенттігі айналысады. Ол жыл сайын автономды роботтардың "жарысын" өткізіп келеді. Соғыс алаңында бұл машиналар қарсыластың барлық техникасын жоюға бағытталады.

Оқи отырыңыз: ШЫҰ қорғаныс министрлері шекараға жақындаған тәлібтер жайын талқылады

Жаңалықтар
0