Өңірлер

Қазақстанда 43°С ыстық болады – ауа райы болжамы

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Алдағы үш күнде батыс пен оңтүстікте аптап ыстық болса, солтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс және оңтүстік өңірлеріне Иран аудандарынан ыстық әрі құрғақ ауа массасы ығысады. Соның әсерінен ол жақта аптап ыстық сақталады – 35-40°С, кей жерлерде 43°С дейін.

Атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, ауа температурасы аздап төмендейді: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33 градусқа дейін.

3 тамыз мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде +23°С, күндіз +28°С;

Алматыда күн ала бұлтты, түнде +25°С, күндіз +31°С;

Шымкентте күн ашық, түнде +25°С, күндіз +38°С.

Жаңалықтар
0