НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 573 адамның коронавируспен ауырғаны расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1 489,
- Алматы қаласы – 1 540,
- Шымкент қаласы - 650,
- Ақмола облысы - 268,
- Ақтөбе облысы - 238,
- Алматы облысы - 313,
- Атырау облысы - 408,
- Шығыс Қазақстан облысы - 193,
- Жамбыл облысы - 250,
- Батыс Қазақстан облысы - 85,
- Қарағанды облысы - 901,
- Қостанай облысы - 256,
- Қызылорда облысы - 206,
- Маңғыстау облысы - 224,
- Павлодар облысы - 280,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 157,
- Түркістан облысы - 115.
Жалпы пандемич басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 587 952.
Бүгіннен бастап карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда қатаңдатылады. Өйткені Қазақстан бойынша тәулік ішінде вирус жұқтырғандардың 65%-і мен қайтыс болғандардың 55%-і осы қалаларда тіркеліп отыр.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Ashyq жобасына қосылмаған барлық кәсіпкерлік нысаны қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр.