Өңірлер

Қымбатшылық қысып барады: мұнайшылар Тоқаевқа үндеу жолдады - видео

© AP Photo / Dario Lopez-MillsДобыча нефти, архивное фото
Добыча нефти, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Маңғыстаулық мұнайшылар қымбатшылық салдарынан тұрмыстық жағдайының төмендегенін айтып, жалақыны көтеруді сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Маңғыстаулық мұнайшылар жалақыны 70 процентке көтеруді талап етіп отыр, деп жазады өңірлік lada.kz сайты.

"Емир Ойл" ЖШС жұмысшыларының президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған бейнеүндеуі жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ (@ladakz)

Олардың айтуынша, қымбатшылықтан тұрмыстық жағдай төмендеген. Сондықтан 1 шілдеде мекеме басшылығына және облыстық әкімшілікке хат жолдап, жалақыны 70 процентке көтеруді талап етіпті.

"Мекеме басшылығы жалақымызды тек 10 пайызға өсіре аламыз деп жауап берді. Алайда 10 процент біздің тұрмыстық жағдайымызды көтеруге жеткіліксіз. Облыс басшылығынан жауап жоқ. Осыған орай еңбекақымыздың 70 пайызға өсуі мен еңбек жағдайымыздың жақсаруына өзіңіз ықпал етіп, оң шешімін табасыз деп сенеміз", - деді олар үндеуде. 

Айта кетері, 2019 жылы "Емир Ойл" ЖШС жұмысшыларының талабынан кейін олардың жалақысы 10 процентке көтерілген болатын. 

Оқи отырыңыз: Қаражанбаста мұнайшылар жұмысқа шықпай қалды

 

Жаңалықтар
0