Саясат

Президент Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады  

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне ықпал ететініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды осы қызметке қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Арменияның премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, парламент сайлауында Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы сайлаушылардың 53,92 дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Бүгін Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды премьер-министр лауазымына тағайындау туралы қаулыға қол қойды.

Жаңалықтар
0