Видео

Динозавр "мекеніне" айналған қараусыз саябақ желіде пікірталас тудырды – видео

Жазылу
Ну жыныс арасында «мекен еткен» динозаврлар желі қолданушыларын назарсыз қалмады. Олар қараусыз қалған саябақтағы архитектуралық формалар қорқынышты фильмдердегідей әсер етеді деп жарыса жазды

Бұл Тула саябағынан түсірілген видео болып шықты. Пандемия басталғанға дейін жергілікті бір топ кәсіпкер облыста үлкен ойын-сауық саябағын ашпақ болған. Аттракциондар мен динозаврлардың кіші архитектуралық формасын әкеліп орнатты. Тіпті жолдарды асфальттап үлгереді.   

Алайда пандемия басталып, карантин салдарынан жұмыс аяқсыз қалады. Пандемияның екінші жылы әткеншектер мен динозаврлар биік болып өскен шөптің арасында қалып қойды. Көптеген желі қолданушылары қараусыз қалған саябақ қорқынышты фильмдегідей әсер береді деп жазды.

Саябақ құрылысын бастаған кәсіпкерлер оның осындай жағдайға жетуіне пандемия мен карантин әсер етті дегенді алға тартты. Олар саябақтың ашылуына аз уақыт қалғанын да атап өтті. Динозаврлар мен олар "мекен ететін" саябақтың бейнесін видеодан тамашалай аласыздар.

Жаңалықтар
0