Әлем

Асқар Ақаев Қырғызстанға ұшып келді

© Sputnik / Александр Натрускин / Фотобанкке өтуАсқар Ақаев
Асқар Ақаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Асқар Ақаевтың қатысуымен Құмтор кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"МҰҚК қабылдаған шаралар нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. Көп ұзамай ол ведомствоаралық тергеу тобына берілді", - делінген хабарламада.

Ақаев МҰҚК ғимаратында, бұл жерде оның қатысуымен Құмтор кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?

Бұған дейін ел билігі Ақаевты 1992 жылы "Құмтор" жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптады.

Қырғызстанның экс-президентіне ресми түрде іздеу жарияланды.

2005 жылдың наурызында болған төңкерістен кейін Ақаев Мәскеуге кетіп, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған.

Жаңалықтар
0