Өңірлер

Ақтөбелік WhatsApp-тан келген сілтемеге өтіп, ақшасынан айырылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Күдікті WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберіп, заңсыз ақша иемденген

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Ақтөбенің 42 жастағы тұрғыны алаяққа алданып, 34 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

28 шілдеде 42 жастағы ақтөбелік полицияға шағымданды.

Жәбірленушінің айтуынша, оның телефонына WhatsApp арқылы ақшаны екі есе көбейтуге болатыны туралы хабарлама келген. Ол үшін алдымен сілтемеге өтіп, ақша аудару керек болған. Ер адам сілтеме бойынша 34 мың теңге аударған.  

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тағы оқыңыз: WhatsApp арқылы аудиожазба жіберген әкімнің басы дауға қалды

Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің үстінен ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.

Жаңалықтар
0