Өңірлер

Алматыда қонақ үй алдында фотосессия ұйымдастырғандарға айыппұл салынды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневХVIII заседание секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий
ХVIII заседание секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Қонақ үй басшылығы бұл шарадан еш хабарсыз болған, сол себепті оларға айыппұл салынбайды

АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматыда еврей қауымы карантин кезінде Rixos Almaty қонақ үйінің алдында топ болып фотосессия ұйымдастырды. Ұйымдастырушыларға 90 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Жақында әлеуметтік желіде Rixos Almaty қонақ үйінің алдында бір топ адамның жиналғаны түсірілген видео тарады. Еврей қауымының топ болып жиналғанына байланысты көпшілік олардың карантин талаптарын бұзғанына наразылық танытты.

Қалықованың айтуынша, сол жағдайға байланысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде шараны ұйымдастырушыларға 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды. Ал қонақ үй басшылығының адамдардың жиналуына еш қатысы жоқ, сол себепті олар айыппұл арқаламайды.

"Бұл діни іс-шара болды. Шараны ұйымдастырып, шектеу шараларын бұзған – орталық синагога (еврейлердің ғибадатханасы – Sputnik). Олар шара өткізуге өтінім бермеген. Мекеме басшысына айыппұл салынды", - деді Қалықова.

Айтуынша, Rixos қонақ үйі шектеу шараларын бұзбаған. Себебі жиналғандар ғимарат ішіне кірмеген, тек сыртында фотоға түскен. Қонақ үй басшылығы бұл шарадан хабары болмағанын жеткізген.

Жаңалықтар
0