Өңірлер

Облыс әкімі тұрғындарға видеоүндеу жолдады

CC BY-SA 4.0 / ru.wikipedia.org/Zhanna Lorde / Атырау, виды города
Атырау, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2021
Жазылу
Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі уақытша тоқтатылады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің облыс тұрғындарына үндеу жариялады.

"Қазір елде, облысымызда эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Соңғы 4 күнде қауіпті індет жұқтырған 24 адам қайтыс болды. Бейбіт күнде осынша адамнан айырылу үлкен қасірет. Комиссия шешімімен 2 тамыздан бастап еліміздің 5 қаласында қатаң шектеулер енгізіледі. Эпидемиологиялық жағдайы күрт нашарлаған қалалар қатарында Атырау да бар", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі уақытша тоқтатылады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akimat_Atyrau (@akimat_atyrau)

"Егер жағдай ушықса, қазіргіден де қатаң шешімдер қабылдауға тура келеді. Былтырғыдай жағдайға жеткізбеу өз қолыңызда, ағайын", - деді өңір басшысы. 

Ол карантин талаптары сақталмағандықтан, вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп жатқанын алға тартты. Облыста індет күн сайын 400-ден астам адамнан анықталуда. Бір жарым мыңдай адам инфекциялық стационарда ем алып жатыр.

"Амбулаторлық ем қабылдап жатқан тұрғындар саны 4 мыңға жуықтады. Қауіпті инфекцияның жұғуы былтырғымен салыстырғанда, 1,5 есе өскен. Былтыр шілде айында 5 867 жағдай тіркелсе, биыл осы айда 9 030-ға жетіп отыр. Өкінішке қарай, жансақтау бөлімінде 78 адам ауыр жағдайда жатыр", - деді Досмұхамбетов.

Науқастардың басым бөлігі инфекцияны той-томалақ, ас кезінде жұқтырған. Әкім тұрғындарды вакцина салдыруға шақырды.

Еске сала кетері, 27 шілдеде премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ін және тәуліктік өлім-жітімнің 55%-ін құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.

Бұл 2 тамыздан бастап өз күшіне енеді.

Жаңалықтар
0