Денсаулық

Алматы "қою қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

© Photo : Минобороны РКИнфекционный стационар открылся в военном госпитале
Инфекционный стационар открылся в военном госпитале - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

© Photo : Минобороны РКИнфекциялық стационардағы палата
Алматы қою қызыл аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

© Photo : Минобороны РКИнфекциялық стационардағы оттегі баллоны
Алматы қою қызыл аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

Жаңалықтар
0