Өңірлер

Жамбыл облысында жол апатына түскен жүргізуші қолынан айырылды 

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСкорая помощь, архивное фото
Скорая помощь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Жедел жәрдем көлігі науқасқа көмек көрсету үшін Бесағаш ауылына бара жатқан, алайда сирена мен маяк қоспаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Жамбыл облысында болған жол апаты салдарынан аурухана түскен егде жастағы жүргізушінің қолына ампутация жасауға тура келді. 

Оқиға 28 шілдеде Тараз – Бесағаш тасжолында болған. Жамбыл облысы полиция департаменті ұсынған мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жол қиылысында бас көшемен келе жатқан Suzuki маркалы көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысты.

"Жедел жәрдем көлігі Бесағаш ауылына науқасқа көмек көрсету үшін бара жатқан. Алайда ол сирена мен маяк қоспаған. Көлік ішінде 61 жастағы жүргізуші, екі фельдшер, ал Suzuki машинасында 64 жастағы жүргізуші болған", - деп түсіндірді полицияда.

Жеңіл көлік жүргізушісі №1 Тараз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, қолына ампутация жасалды. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары да түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға түсті.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345- бабының 2-бөлігі ("Көлікті басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Жаңалықтар
0