Қоғам

Мәдениет және спорт саласы қызметкерлері үшін жағымды жаңалық жарияланды

© Photo : Предоставлено Олжасом ИбраевымАктюбинский областной театр драмы имени Тахави Ахтанова
Актюбинский областной театр драмы имени Тахави Ахтанова - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
Енді мәдениет және спорт саласы қызметкерлері "Болашақ" бағдарламасымен тағылымдамадан өте алады

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, "Болашақ" бағдарламасында тағылымдамадан өтуге болатын санат кеңейтілді. Енді мәдениет және спорт саласының қызметкерлері шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында (мысалы, New York Film Academy, University of the Arts London, Scuola Musicale di Milano және т.б.) тағылымдамадан өте алады.

"Әртістер, режиссерлер, суретшілер, өнертанушылар бір жыл бойы "Арт-менеджмент", "Дизайн. Сурет", "Дирижерлеу", "Өнертану", "Сценография" және тағы да басқа мамандық бойынша оқи алады. Дене шынықтыру және спорт саласының мамандары "Спорттық психология", "Спорттық медицина", "Спорттық құқық" сияқты бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін мәдениет және спорт саласының қызметкерлері "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтпеген.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша қанша квота бөлінеді 

"Критерийлерге келер болсақ, үміткерлердің кемінде үш жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде соңғы 12 ай таңдаған мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуға тиіс. Сондай-ақ қабылдаушы шетелдік ұйымнан шақыртудың, В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттың болуы міндетті", - деді халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің міндетін атқарушы Данияр Мұқитанов.

Жаңалықтар
0