НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі дәрігер-фтизиатр Қуаныш Маскеев өмірден озды. Бұл туралы Қазақ ұлттық медицина университеті хабарлады.
"Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұжымы Қуаныш Мүбаракұлының жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұлы адам, елдің үздік дәрігерлерінің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ректордың жатқан жері жайлы болсын", - деп жазылған сайтта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қуаныш Маскеев 1932 жылдың 12 ақпанында туған. Бар ғұмырын медицина, ғылым мен болашақ дәрігерлерді тәрбиелеуге арнады.
Белгілі профессор Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 12 жыл жетекшілік етті (1975 - 1982). Қуаныш Маскеевтің қатысуымен оқу орнының негізгі материалдық-техникалық базасы жасалып, зертхана, дәрісханалар мен жатақханалар құрылды.
Оның редакциялауымен фтизиатрия және пульмонология бойынша 5 ғылыми жинақ шығарылды.