Спорт

Нокдаунға түсірді: Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын жеңді

© Photo : Сали Сабиров / пресс-служба НОК КазахстанаКазахстанский боксер Абильхан Аманкул
Казахстанский боксер Абильхан Аманкул - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Екінші раундта Әбілхан Аманқұл қарсыласы Фанат Қахрамоновты нокдаунға жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Токио Олимпидасында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) өзбек боксшысына қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бірінші раундта екі боксшы ашық жұдырықтасты. Екеуі де жойқын соққылар жасады. Алайда бес төрешінің бәрі Фанат Қахрамоновқа жоғары ұпай берді.

Ал екінші раундта Әбілхан Аманқұл өз қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раунд қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Үшінші раундта Аманқұлдың джебі де, кросы да, хукы да дәл тиді. Сөйтіп қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Әбілхан Аманқұл бразиялиялық Соуса Эбертпен кездеседі.

Айта кетейік, Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген. Бүгін рингке Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шығады.

Бұған дейін Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына жалғыз барған Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылса, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмады. Бұдан бөлек, 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды. Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бірінші жекпе-жекте ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды.

Жаңалықтар
0