Оқиға

Атырауда болған қылмыс видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 28 шілде күні сағат 12:00 шамасында болған. Белгісіз біреу зейнеткерді алдымен тұншықтырған. Одан кейін телефонын алып қойды. Қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Ал тонау сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалды.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

"Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқырған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Айғақ зат тәркіленді. Ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер. 

Айта кетері, осы бап бойынша бірнеше жаза қарастырылған. Соның біреуә қолданылады. Атап айтқанда: 

  • 2 000 АЕК-ке(5 834 000 теңге)дейінгі айыппұл; 
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстары;
    1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
  • 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу;
  • не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру.

Соттың шешімімен кінәлі деп танылған адамның мүлкi де тәркiленуі мүмкін.

 

Жаңалықтар
0