Қоғам

Екі айда 70 бала суға кетті: ата-аналар жауапқа тартыла ма

© PhotoДети гуляют по воде
Дети гуляют по воде - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Полиция қараусыз қалған баланы тапса немесе батып бара жатқан баланы құтқарса, міндетті түрде оның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Төтенше жағдай министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов суға батқан балаларын қараусыз қалдырғаны үшін ата-аналар қандай жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Полициямен рейд жүргізген кезде, қараусыз қалған баланы тапсақ немесе батып бара жатқан баланы құтқарсақ, міндетті түрде оның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалады. Қазір егер 3 228 заң бұзушы болса, соның ішінде 41 адамға әкімшілік іс қозғалып отыр", - деді ол брифингте.

Сыздықов бұл ретте әлемдік тәжірибені мысалға келтірді. Айтуынша, қазір Германияда, Ұлыбританияда, Америкада балаларды қараусыз қалдырғаны үшін ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалады.

"Бүгінгі таңда бізде ондай тәжірибе жоқ. Бірақ ата-аналарға ескертіп айтамыз: мәселе қылмыстық іс қозғауда немесе сізді әкімшілік жауапқа тартуда емес. Мәселе – сіздің өз балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңізде. Бұл жерде мемлекеттік органдар, әкімдік, полиция, басқа да осыған қатысы бар мекемелер тарапынан көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Ата-аналармен қауіпсіздікті, әсіресе судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірігіп жұмыс істеуіміз керек", - деді комитет төрағасы.

Бұған дейін Сыздықов елде жыл басынан бері 312 адам, соның ішінде 109 бала суға батып кеткенін хабарлады.

Шомылу маусымында, яғни 1 маусымнан бастап 233 адам, оның ішінде 70 бала су айдындарында көз жұмған.

Жаңалықтар
0