Қоғам

Кейбір өңірлерде ковидтік стационарлар науқастарға толып қалған

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Қазір 90 мыңға жуық адам ауырып жатыр, оның ішінде 25 мыңға жуығы аурухана түссе, 65 мыңға жуығы амбулаторлық жағдайда емделуде

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Айтуынша, бірқатар өңірде инфекциялық стационарлар пациенттерге толып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде бірқатар өңірде ковидтік стационар науқастарға толып қалды. Денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіп отыр. Соның салдарынан халық медициналық көмекке дер кезінде қол жеткізе алмауы мүмкін. Ал бұл инфекцияның одан әрі таралуына, аурушаңдыққа және өлім-жітімнің көбеюіне әкеледі", - деді Цой брифингте.

Министрдің айтуынша, 28 шілдедегі жағдай бойынша республикада инфекциялық төсек-орындардың 53% (24 748 төсек) науқастарға толған, реанимациялық төсек-орындар – 43% (1 819 төсек).

Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындарға қажеттілік Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында артқан.

"Егер былтыр тәулігіне 2 мың адамға дейін болса, биыл шілдеде бұл үш есеге өсті (6 925 адам). Емделіп жатқан пациенттер саны да екі есеге ұлғайды, деді министр.

Цой бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстары.

Қазір Қазақстанда 90 мыңға жуық адам ауырып жатыр. Оның ішінде 25 мыңға жуығы стационарларда емделіп жатса, 65 мыңға жуығы амбулаторлық ем қабылдауда.

Цойдың мәлімдеуінше, шілденің басымен салыстырғанда ауыр хәлде жатқан науқастар саны 2,1 есе , 709-дан 1500 адамға дейін көбейді.

Мыңға тарта науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0