Спорт

Токио Олимпиадасы: жалғыз боксшы қызымыз жарыстан шығып кетті

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Фотобанкке өтуЖенский боксерский клуб
Женский боксерский клуб  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Кеше рингке шыққан екі боксшымыз жеңілді. 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берсе, Василий Левит нокаутпен ұтылды. Ал бүгін Серік Теміржанов екінші жекпе-жекте жеңілді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы бірінші жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

75 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте қазақстандық Надежда Рябец Канада боксшысы Таммара Тибомен кездескен. Бірінші раундта екеуі тең бокстасты. Алайда бес төрешінің үшеуі канадалық спортшыға жоғары ұпай берді. Екінші раундта қарсыластың басымдығы артты. Ал соңғы раунда төрешілердің бәрі Тибоның өнерін жоғары бағалады. Қорытынды есеп – 1:4. Осылайша, жалғыз боксшы қызымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетері, кеше рингке шыққан екі боксшымыз жеңілген. 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берсе, Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды. 

Ал Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді. Бүгін Серік Теміржанов екінші рет рингке шығып, ұтылып қалды.

Енді Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) өнер көрсетеді. Алдағы уақытта Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаевтың (91 келіден жоғары) жекпе-жектері бар.

Жаңалықтар
0