НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Mobile Research Group сарапшысы Эльдар Муртазин смартфонның "өмірін" қалай ұзартуға болатыны туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, гаджеттер жыл сайын жаңарып отырғанымен, сәннен шыққан модельдер әлі талай жыл қызмет етуге қауқарлы. Әдетте смартфонның қызмет көрсету мерзімі бес жылдан аспайды. Алайда бірқатар талаптарды орындай отырып, бұл уақытта бірнеше жылға ұзартуға болады.
"Көп жағдайда гаджеттің қызмет көрсету мерзімі өндіруші компанияның алдағы уақытта да оған қажетті құрылғыларды шығарып отыруына байланысты. Смартфонды қауіпсіздік жүйесі немесе баланың радиотәрбиешісі ретінде де пайдалануға болады. Мұндай құрылығылар ұзақ қызмет көрсете алады. Сәннен шыққан модельдерді басқа мақсатта қолдану арқылы қызмет көрсету мерзімін ұзартуға болады", - деп атап өтті ол.
Мұның бірнеше жолы бар. Интернетте бұл жайлы түрлі кеңес жазылған.
Оқи отырыңыз: Смартфонды толық қуаттау неге қауіпті – сарапшы жауабы