Өңірлер

Қаражанбаста мұнайшылар жұмысқа шықпай қалды

© Photo : Рixabay.com/Karl Reinery Каски
Каски - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
"Industrial Service Resources" ЖШС мердігер ұйымының жұмысшылары өздерін "Қаражанбасмұнай" АҚ штатына алуды талап етіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында мұнайшылардың тағы бір ереуілі басталды. Бұл жолы Қаражанбас кен орнына қызмет көрсететін "Industrial Service Resources" ЖШС-ның 200-ге жуық қызметкері бас көтерді.

Ереуіл сәрсенбі күні таңғы алтыда басталды.

Наразы мұнайшылардың айтуынша, олар өздерін "Қаражанбасмұнай" АҚ штатына алғанын қалайды. Олар жұмыстың ауыр және қиын екенін атап өтті.

Ереуілге шыққан адамдармен кездесуге "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті Қуанышбай Нұрғалиев келді. Ол жұмысшылардың талабын тыңдап, барлығын штатқа алуға мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ компанияға шешім қабылдау үшін уақыт қажет екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты

"Біз таңғы асымызды ішкен жоқпыз, түстенбедік, кешкі асқа да бармаймыз. Бұл аштық жариялау емес, біз тек өзіміздің сұраққа жауап күтеміз", - деді жұмысшылар.

Ереуілшілердің айтуынша, шенеуніктер олармен келіссөз жүргізуге келмеген.

Еске салсақ, Жаңаөзенде шілденің басында "Кезби" ЖШС-ның 700-ге тарта жұмысшысы бір апта бойы ереуілге шықты. Кейін хабарланғандай, басшылық олардың талабын орындап, жалақысын өсірген.

Жаңалықтар
0