Спорт

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

© REUTERS / UESLEI MARCELINOВасилий Левит на ринге Олимпиады
Василий Левит на ринге Олимпиады - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Жаңалықтар
0