Өңірлер

Алматының бас дәрігері қалаға SinoVac вакцинасы қашан жеткізілетінін айтты

© AFP 2024 / MARTIN BERNETTIШприцы с дозами вакцины от коронавируса, подготовленные для инъекций
Шприцы с дозами вакцины от коронавируса, подготовленные для инъекций - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Табынбаев вакциналау қарқынының төмендеуіне вакцинаға уақытылы келмеу, Qazvac, Hayat Vax, Sinovac вакциналарын күтіп қалу секілді факторлар әсер етіп отырғанын атап өтті  

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қала тұрғындары арасында SinoVac вакцинасына үлкен сұраныс бар екенін мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.  

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігімен келіссөздер жүргізілді. Жақын арада SinoVac вакцинасын жеткізу туралы ақпарат алдық", - деді ол.

Айта кетейік, қазір қалада педагогтардың 100%-і коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

"Осындай жұмыс жоғары оқу орындарында да жүргізіліп жатыр. Студенттердің көпшілігі басқа қаладан келетіндіктен иммундау жұмысы қарқын алмай отыр", - деді Табынбаев.

Өткен тәулікте қалада 5 001 адам вакцина алды. Мұның алдында басқарма басшысы қалада вакциналау қарқыны не себепті төмендегенін түсіндірді.

"Осыдан бір ай бұрын бір күнде 15-16 мың адамға дейін вакцина салдырды. Вакциналау қарқынының төмендеуіне әсер ететін 3 фактор бар: вакцинаға уақытылы келмеу, Qazvac, Hayat Vax, Sinovac вакциналарын күтіп қалу, науқастар көбейгендіктен, үйден шығуға қорқу", - деді Табынбаев.

Ол сондай-ақ коронавирустың таралуына төтеп беретін жалғыз жол вакцина екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыда күн сайын 15-20 мыңға дейін вакцина салуға мүмкіндік бар.

2021 жылдың 1 ақпаны мен 27 шілде аралығында Алматыда екпенің I компонентін 690 711 адам алды. Мегаполистегі медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 212 вакцина пункті жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0