НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанның барлық мектебінде дәстүрлі қоңырауды күйге алмастыру ұсынылды.
Бұл туралы білім министрлігі аппаратының жиналысында Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
"Мамандардан дәстүрлі қоңырауды күйге ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сабақ соңында шертпе күйді, ал үзіліс аяқталарда төкпе күйді ойнатуды ұсынамыз. Ғалымдар домбыраның қоңыр үні баланың психикасына оң әсер ететінін атап өтті. Ал қоңыраудың қатты даусы, керісінше, теріс әсер береді", - деді академия басшысы.
Айта кетсек, Қазақстанның бірқатар мектебінде мұндай жүйе енгізіліп те қойған. Мектептерде дәстүрлі қоңыраудың орнына күй ойнайды. Мамандардың айтуынша, бұл балаларға ұлттық тәрбие беру ісінде де маңызды рөл ойнайды.