Денсаулық

"Бірінші компонентін алуға тиіс": үкімет вакциналау мерзімін еске салды

© AFP 2024 / GABRIEL BOUYSШприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для проведения прививок
Шприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для проведения прививок - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Бүгін комиссия мүшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау мен Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның шешімі бойынша бес қалада карантин күшейтіледі. Ал комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов вакциналау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Отырыс кезінде вице-премьер кейбір өңірлерде вакциналаудың төмен қарқынын атап өтті. Мысалы, Маңғыстау облысында халықтың тек 25,6 проценті ғана вакцинаны бірінші компонентін салдырды. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен екі есе төмен (52,4%) болып тұр. 

Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл мен Павлодар облыстары вакциналау шараларын баяу атқарып келеді. 

"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылдың 14 шілдесіндегі №32 қаулысына сәйкес 10 тамызға дейін қызмет көрсету саласының барлық қызметкері COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алуға тиіс", - делінген ведомствоаралық комиссияның ресми хабарламасында. 

Бүгін комиссия мүшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау мен Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейтуге шешім қабылдады. Оған сәйкес,  2 тамыздан бастап бірқатар шектеу шарасын енгізу жоспарланған. Олар: 

  • орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;
  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; 
  • мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда) қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру.

Сондай-ақ, облыс әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Қарағанды қаласымен шекаралас жатқан аудандарда карантинді күшейту ұсынылды. Олар:  

  1. Ақмола облысы - Бурабай, Целиноград және Аршалы аудандары;
  2. Алматы облысы - Қарасай, Талғар, Іле мен Еңбекшіқазақ аудандары;
  3. Қарағанды облысы – Теміртау, Шахтинск мен Абай аудандары;
  4. Шымкент қалаларымен – Сайрам мен Төлеби аудандары.
Жаңалықтар
0