Өңірлер

Тоқаев жұрт қандай шешімді кеңінен қолдап жатқанын айтты

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Бүгін президент Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды. Бірқатар маңызды мәселелер көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді, деп жазады Ақорда.

"Жарлыққа қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойылуын және облыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілуін көпшілік кеңінен қолдап жатыр. Бірақ, осы шешімнің мәні мен маңызын тек облыс көлемінде ғана емес, жалпы еліміз бойынша халыққа қосымша түсіндіру керек", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Ол жерде қағаз бойынша 40 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді.

"Шын мәнінде, ол жерде 80 мың адам тұрады. Олар өз мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Бұған көп уақытпен күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін" – деді Тоқаев.

Бүгін президент Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды. Ол Көкшетау қаласының тұрғындарына берген уәдесінің орындалуы және жылу электр орталығының құрылысына кірісу қажет екенін айтты.

"Көкшетау қаласы өз жылу электр орталығы жоқ, тек жылу қазандықтары ғана бар жалғыз облыс орталығы болып отыр. Бұл жобаның құны бірнеше есе өсіп, 240 миллиард теңге болды. Біз бұдан аздау қаржыға жоспарладық. Бірақ  жуырда тиісті шешім қабылданады. Бұл облыс орталығында тұратын халық тұрмысын жеңілдетеді. Үкімет аталған шешімді аяғына дейін жеткізеді деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Президент ауыл шаруашылығы машиналарын жасау ісін дамыту мәселесіне де назар аударып, Көкшетау қаласы осы саладағы басты тірек орталықтардың бірі екенін атап өтті.

"Бүгін мен Қазақстан ауыл шаруашылығы державасына айналуы тиіс деп айттым. Осы ретте облыстың рөлін асыра бағалау қиын. Бұл бағытта біз мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін күшейтуге бағытталған Ақмола облысының күш-жігерін қолдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкімдіктің тұрғын үй құрылысы жөніндегі жоспарын қолдады. Оның пікірінше, әлеуметтік тұрғын үй бөлу мәселесін реттеу қажет.

Жаңалықтар
0