Қоғам

Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды

© Photo : страница пресс-секретаря президента Берика Уали в FacebookКасым-Жомарт Токаев прибыл в Кокшетау. Его встречает аким Акмолинской области Ермек Маржикпаев
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Кокшетау. Его встречает аким Акмолинской области Ермек Маржикпаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында хабарлады.

"Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді", - деп жазды Уәли.

Әуежайда мемлекет басшысын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әкімнен Маңғыстаудағы наразылықтар жайында сұрады 

Айта кетейік, бұған дейін президент мұнай саласындағы қиындыққа байланысты Маңғыстау облысында шешімін таппаған мәселелер көп екенін ерекше атап өткен болатын. Тоқаев жақын арада осы өңірді дамыту бойынша арнайы кеңес өткізетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0