НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Семейде өрт сөндірушілер жоғары оқу орнына тиесілі кітапханадан шыққан өртті сөндіріп жатыр.
ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт 1987 жылы салынған үш қабатты ғимараттан шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды.
"Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған", - делінген хабарламада.
Тілсіз жау сағат 8.05-те ауыздықталды. Төтенше жағдай себебін облыстық ТЖ департаменті анықтайды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.