Өңірлер

Павлодарда бірден 200 адам полиция бөліміне жеткізілді

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Рестобарлардың бірі санитарлық талаптарға қарамастан істеп тұрған. Барда шамамен 200 адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Павлодар қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзған ойын-сауық орнынан бірден 200 адам полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Свадебный торт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Өңірлер
Шымкентте үйлену тойында түсірілген видео жарияланды
Атап айтқанда, 24  шілде күні Абай көшесінде орналасқан рестобарлардың бірі санитарлық талаптарға қарамастан істеп тұрған. Барда шамамен 200 адам болған. Барлығын орталық полиция бөліміне жеткізді. Ал келесі күні мониторингтік топ дәл сол барда тағы 40 адамның жиналғанын анықтады. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған бала да болды.

"Түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде жасөспірім жүрді. Осыған байланысты бардың әкімшісі құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, жеке тұлғалар 10 АЕК (29 170 теңге), шағын кәсіпкерлік нысандар - 15 АЕК (43 700 теңге), ал орта бизнес өкілдері екі есе артық айыппұл төлеуге міндеттеледі", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, ойын-сауық мекемесінің иесін әкімшілік жауапқа тарту үшін барлық материал санитарларға жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік нысандарына - 230 АЕК (670 910 теңге), орта бизнес өкілдеріне - 310 АЕК  (904 270 теңге), ал ірі  кәсіпкерлерге 1600 АЕК (4 667 200 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0