Спорт

Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео

© REUTERS / HANNAH MCKAYЕлдос Сметов завоевал первую медаль для олимпийской сборной Казахстана
Елдос Сметов завоевал первую медаль для олимпийской сборной Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Алматы әуежайы маңында спортшыға жаңа көліктің кілті табысталды. Көлікті кәсіпкер Руслан Берденов сыйлады

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов Қазақстанға оралды. Көпшілік спортшыны Алматы әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Оян, Qazaqstan" бағдарламасына сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OYAN, QAZAQSTAN! (@oqazaqstan)

Жиналғандардың арасында спортшының алғашқы бапкері де болды. Сметов жаттықтырушысы жайлы жылы лебізін білдірді.

"Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы бапкерім. Мені спортта кішкентайымнан өз баласындай көріп, алақанында өсірді", - деді Сметов.

Содан кейін әуежай маңында спортшыға жаңа көліктің кілті табысталды. Көлікті Елдос Сметовке кәсіпкер Руслан Берденов сыйлады.

"Олимпиада жақсы өтті. Залдың бос тұрғаны бізге ыңғайсыз болды. Ең қиыны – финалдық белдесулер. Осылай бұйырып тұр екен. Осының өзіне қуаныштымын. Қуанышымда шек жоқ. Елім, жерім, халқым үшінші орынды бірінші орын ретінде қабылдап, Олимпиада чемпионы секілді күтіп жатыр", - дейді Елдос Сметов.

Спортшыны күтіп алғандардың арасында Мұхамеджан Тазабеков те бар.

"Түнделетіп аэропорттан ата-анасы, бауырлары, достары, журналистер, қаумалаған қалың жанкүйер елмен бірге құрметтеп, күтіп алдық. Ұзақ жылдар еңсесі езілген, өз тағдырына өзі шешім қабылдай алмаған біз секілді пүшайман елге ұлттық рухты оятатын, намысты дуылдататын, көк туды желбірететін әрбір ұл мен қыз қымбат. Елдос солардың бірегейі!", - деп жазды Тазабеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

Токиода Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Қазір Қазақстанның қоржынында үш қола медаль бар. 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалда Нидерланды өкілі Торнике Чакадуаны жеңіп, Қазақстанға қола медаль әкелді. Екеуін ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алып берді.

Жаңалықтар
0