Қоғам

Министр мектеп директоры креслосында отырып қалғандар жайлы: бәрін жұмыстан шығармаймыз

© Sputnik / Абзал КалиевБілім министрі Асхат Аймағамбетов
Білім министрі Асхат Аймағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Кадрларды ротациялау мектеп жұмысының тиімділігін арттырып, жас мамандарға өз күшін басқару ісінде пайдалануға мүмкіндік береді, деп атап өтті Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде - Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ротациялауға қатысты пікір білдірді.

Ол мектеп директорларын ауыстыру кезең-кезеңімен жүргізілетінін атап өтті. 

"Бәрі бірден жұмыстан шығарылмайды. Білім саласындағы шешім пайдалы және зиянды жағы сараланып қабылдануға тиіс. Шыны керек, мектеп директоры болуға ниетті жандар көп, оған ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Ал біліктілігі жеткілікті мамандар арасында мұндай кезек жоқ. Бәрін жұмыстан шығарып тастап, жаңа басшы тағайындай салайық дегеннен аулақпын. Мен мұндайды қолдамаймын", - деді министр аппаратық кеңес барысында.

Оның айтуынша, ең үздік және тиімді жұмыс істейтін кадрлар басшылыққа келіп, лайықты жалақы алатын күнге біртіндеп жетеміз. Сонымен қатар министр үш жылдан кейін барлық мектеп директоры ауысады деген ұстаздар қауымының күмәнін сейілтті.

"Бұл күн тәртібінде тұрған мәселе емес. Жайдан-жай кадрларды бір орыннан екінші орынға ауыстыра беруді мақсат тұтпаймыз. Басты міндет -  тиімділікті арттыру. Кадрларды ротациялау мектеп жұмысының тиімділігін арттырып, жас мамандарға өз күшін басқару ісінде пайдалануға мүмкіндік береді ", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр мектеп директорларын ротациялау мәселесі талқыланып жатқаны туралы айтқан болатын. Бұл реформа ұзақ жылдар бойы мектеп директорының креслосында отырып қалған басшыларға қатысты болмақ.

Оқи отырыңыз: "Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты

 

Жаңалықтар
0