Қоғам

Алматыда вакцина салдыру қарқыны неге төмендеді

© Sputnik / Тимур БатыршинКанистры со льдом для охлаждения вакцины
Канистры со льдом для охлаждения вакцины - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Қаланың вакцина егу пункттері күніне 15-20 мың адамға екпе салуға қауқарлы. Соңғы ақпарат бойынша, қалада вакцинаның бірінші компонентін 768 545 адам салдырды

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада вакцина салдыру қарқынының төмендеу себебін түсіндірді.

Қазір қалада тәулігіне шамамен 2-3 мың адам вакцина салдырып жатыр.

"Осыдан бір ай бұрын бір күнде 15-16 мың адамға дейін вакцина салдырды. Вакцинациялау қарқынының төмендеуіне әсер ететін 3 фактор бар: вакцинаға уақытылы келмеу, Qazvac, Hayat Vax, Sinovac вакциналарын күтіп қалу,  науқастар көбейгендіктен, үйден шығуға қорқу", - деді Табынбаев.

Қаланың вакцина егу пункттері күніне 15-20 мың адамға екпе салуға қауқарлы. Соңғы ақпарат бойынша, қалада вакцинаның бірінші компонентін 768 545 адам, екінші компонентін 499 185 адам салдырды. 

Алматылық педагогтардың 100%-і вакцина салдырған. Мұндай жұмыс жоғары оқу орындарында да жүргізіліп жатыр. Студенттерді вакциналау олардың жалпы санының 28%-іне жетті. Студенттердің көпшілігі қаладан тыс болғандықтан иммундау процесі баяу өтуде.

Медицина қызметкерлерін вакцинамен қамту ерекше бақылауға алынған. Олардың 95%-і вакцина салдырды.

Оқи отырыңыз: Алматыда вакцина салдырған 4 адам коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен

Жаңалықтар
0