Денсаулық

Алматыда тәулігіне 400-ге жуық адам ауруханаға түсіп жатыр

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Бір ай бұрын ауруханаға тәулігіне 40-70 адам түссе, қазір бұл көрсеткіш 400 адамға дейін жетті. Соңғы екі тәулікте 420-430 адам болды

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда тәулігіне 400-ге жуық адам ауруханаға түсіп жатыр. Соған байланысты Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Табынбаевтың сөзінше, бір ай бұрын тәулігіне ауруханаға 40-70 адам түссе, қазір бұл көрсеткіш 400 адамға дейін жетті. Соңғы екі тәулікте 420-430 адам болды.

Сондай-ақ Алматыда соңғы екі аптада сырқаттанған адамдар саны 1,2 есе өсті.

1-27 шілде арасында коронавирус жұқтырған 18 118 адам анықталды, осылайша науқастар саны бұған дейін айтылған пессимистік болжамнан айтарлықтай көп. Мұның алдында дәл осы аралықта шамамен 10 700 адамнан инфекция анықталуы мүмкін екені болжанды.

"Қалада 18 маусымнан бастап жұғу деңгейі жоғары және жиі ауыр клиникалық белгілері бар "дельта" штаммы таралып жатыр", - деді Нариман Табынбаев.

Басқарма басшысының сөзінше, 30 қыркүйекке дейін коронавирус жұқтырғандар санына байланысты болжам жасалды. Соған сәйкес, ауру жұқтырғандар саны тамыздың алғашқы онкүндігінде шарықтайды, ол кезде тәулігіне 1 600 адамнан коронавирус инфекциясы анықталуы мүмкін.

10-11 тамызда тәулігіне 1 900-ге жуық адамнан инфекция табылуы мүмкін. Осылайша, тамызда 34 500 жағдай тіркеліп, қыркүйекте 4 500 жағдай тіркеледі деген болжам жасалды.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалада қазір 7 мың инфекциялық төсек-орын дайындалды. Қазір резервте 3 000 төсек-орын бар. Егер жағдай ушықса, тағы 2 мың төсек-орын дайындалады.

27 шілдедегі ақпарат бойынша, стационарларда 3 827 пациент жатыр, оның ішінде өте ауыр жағдайда 114 науқас және ауыр жағдайда 956 науқас ем алып жатыр. 

Инфекциялық стационарларда 500 реанимациялық төсек-орын бар. Қазір ол жерде 260 науқас жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 6 797 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, Алматы қаласында 1207 адам коронавирус жұқтырды.

Жаңалықтар
0