Спорт

"Тұншыға бастадым": қазақстандық теннисші жарыстан неге шығып қалғанын айтты– видео 

© AFP 2024 / GABRIEL BOUYSЯрослава Шведов, архивное фото
Ярослава Шведов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Бұған дейін Зарина Диас пен Юлия Путинцева да ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Токио Олимпидасында алғашқы ойынды жалғастырудан не себепті бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25 шілде күні Шведова австралиялық Айла Томляновичпен кездескен болатын. Бірінші сетте Шведова 5:7 есебімен ұтылды. Ал екінші сетте есеп 2:3-ке жеткенде ойын тоқтатылды. Әйелдер командасының капитаны денсаулығына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Шведова өзінің Instagram желісінде ойынның қалай тоқтатылғанын да көрсетті. Видеода теннисші алдымен басын ұстап тұр, одан кейін жерде отыр. Австралиялық спортшы оған мұз бен орамал әкеліп, көмек көрсетіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yaroslava Shvedova (@yaroslavashvedova)

"Ойыннан шығуды қаламадым, матчты аяқтағым келді. Бірақ, өкінішке қарай, есеп 3:2 болып тұрғанда жағдайым нашарлап, жүрегім айныды. Артынан ауа жетпей, тұншыға бастадым. Денем қалшылдап кетті. Содан жерге отыра кеттім", - деп жазды Шведова.

Оның сөзіне қарағанда, үзіліс 10 минутқа созылды. Қазақстандық спортшыны орындыққа жайғастырып, көмек көрсетті. Ал судья мен дәрігер жылдам шешім қабылдауды талап етті. Себебі ойынды жалғастыру қажет болған.

"Мен болсам, ойынды ары қарай жалғастыра алмайтынымды түсіндім. Өйткені жағдайым одан бетер нашарлап кетті", - дейді Шведова.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Зарина Диас пен Юлия Путинцева да ойынды жалғастырудан бас тартқан. Диас жарақат алса, Путинцеваның басынан күн өтіп кетті.

"Өте ыстық! Сосын ылғалдылық өте жоғары болып тұр. Ауа жоқ. Екінші сетте ойынды жақсы бастап едім, бірақ артынан басым қатты ауырып кетті. Бірден дәрігерді шақырдым. Қан қысымым да көтерілді. Дәрігер күннің өтіп кеткенін айтты. Матчтан кейін денем дірілдей бастады", - дейді Путинцева.

Токио Олимпиадасында теннис турниріне қатысып жатқан бірнеше спортшы аптап ыстыққа байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Олардың ішінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Энди Маррей де бар.

Осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды. Олар - Александр Бублик, Елена Рыбакина, Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Диас, Андрей Голубев пен Ярослава Шведова. Әзірше, жекелеген сындарда Елена Рыбакина ғана ұтылмай келе жатыр. Алдағы уақытта жұптық сайыстар бар.

Михаил Кукушкин де екінші айналымға өткен болатын.

Жаңалықтар
0