Саясат

Тоқаев Астрахан облысының тұрғындарына алғыс айтты

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги России и Казахстана
Флаги России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Кездесу барысында Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын және екі ел өңірлерінің ықпалдастығы кеңейе түскенін атап өтті.

"Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның өзге де облыстары Астрахан облысымен көптеген бағыт бойынша өзара тиімді кооперацияны жүзеге асыруда. Экономикалық белсенділіктің жаңғыруына орай шекара маңындағы сауда қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп жатқаны байқалады", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Қазақстан мен Астрахан облысының арасын негізгі байланыстырушы ретінде Ресей бойынша ең көп тұратын сол жердегі қазақ диаспорасы маңызды рөл атқарып отыр.

Президент Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланысын нығайтуына, ата-бабасының тілі мен мәдениетін сақтауына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Игорь Бабушкинге ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының Бөкей хан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да ұлы перзенттерінің есімін Астрахан жерінде ұлықтап келе жатқаны үшін аймақ әкімшілігі мен тұрғындарына алғыс айтты.

Жаңалықтар
0