Видео

Десанттық-шабуылдау әскерінің қызметшілері парашютпен суға секірді – видео

Жазылу
Парашютпен суға секіру оңай емес. Сондықтан мұндай жаттығуға тек тәжірибелі десантшылар ғана қатысады

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің Youtube-каналында Десанттық-шабуылдау әскері қызметшілерінің ерекше жаттығуы жарияланды.

Ведомство мамандарының айтуынша, парашютпен суға секіру - әуе-десанттық дайындықтың қиын түрі.

Мұны орындау үшін десантшы парашюттің түрлі жүйесін білуі тиіс.

Кадрда әскерилер бірден құтқару жилетімен түскенін көруге болады. Жарақаттың алдын алу үшін бұл міндетті шара, деді министрлікте.

Суға жеткен соң оларды катердегі құтқару бригадалары күтіп алады.

Жаңалықтар
0