НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.
Өткен тәуліктің статистикасы:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
- Алматы қаласы - 1080,
- Шымкент қаласы - 507,
- Ақмола облысы - 193,
- Ақтөбе облысы - 250,
- Алматы облысы - 220,
- Атырау облысы - 446,
- Шығыс Қазақстан облысы - 101,
- Жамбыл облысы - 108,
- Батыс Қазақстан облысы - 309,
- Қарағанды облысы - 750,
- Қостанай облысы - 167,
- Қызылорда облысы - 170,
- Маңғыстау облысы - 255,
- Павлодар облысы - 211,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
- Түркістан облысы - 109.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.