Денсаулық

Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 

© AP Photo / Matias DelacroixМедик набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
23 шілдедегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 5 054 970 адам, ал екінші компонентті 3 075 907 адам алды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова республикада коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай түрлері қалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, қазір елде 582 141 доза бірінші компонент, 1 миллион 194 мың доза екінші компонент бар. 

"Бүгінде CoronaVac вакцинасының 20 мыңға жуық бірінші дозасы қалды. Ол барлық дерлік өңірде бар, бірақ көлемі әртүрлі. Ең көбі Маңғыстау облысында. Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоқ", - деді Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында. 

Ал "Спутник V" вакцинасының 561 мың доза бірінші компоненті қалған. Ол ресейлік препарат Қазақстанның барлық өңірінде бар екенін нақтылады. 

Бұдан бөлек, қазақстандық QazVac вакцинасының 3 мың дозасы бар. Көбі Маңғыстау мен Атырау облыстарында. 
Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстары мен Алматы қаласында отандық вакцина жоқ. 

"Sinopharm-ның бірінші компоненті 6 286 доза көлемінде қалды. Тек Маңғыстау облысында ғана бар", - деді Есмағамбетова. 

23 шілдедегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 5 054 970 адам, ал екінші компонентті 3 075 907 адам алды.

Жаңалықтар
0