Қоғам

Қазақстан премьер-министрі мен Роскосмос басшысы "Бәйтерек" жобасын талқылады

© Photo : Сайт премьер-министра КазахстанаПремьер-министр Аскар Мамин и глава Роскосмоса Дмитрий Рогозин
Премьер-министр Аскар Мамин и глава Роскосмоса Дмитрий Рогозин - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Тамызда Роскосмостың жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы "Бәйтерек" жобасы бойынша келісімшартқа қол қояды

АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Роскосмостың жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы тамызда "Бәйтерек" жобасы бойынша келісімшартқа қол қойып, Байқоңырда "Союз-5" зымыранына арналған ұшыру кешенін құруға кірісе алады. Бұл туралы Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин телеграм каналында жазды.

"Нұр-Сұлтанда "Бәйтерек" жобасы бойынша келіссөздер сәтті өтті. Барлық негізгі келіспеушілік шешілді. Тамызда Роскосмостың жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы келісімшартқа қол қойып, Байқоңырда ең жаңа "Союз-5" зымыранының ұшыру кешенін құру бойынша құрылыс жұмыстарына кірісеміз деп үміттенемін", - деп атап өтті Рогозин.

Нұр-Сұлтандағы келіссөздерде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозинге II дәрежелі Достық орденін табыс етті, делінген мемлекеттік корпорацияның сайтында.

"Кездесу барысында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинге II дәрежелі Достық орденін табыстады. Марапат Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне сіңірген еңбегі үшін берілді", - делінген ақпаратта.

Рогозин, Мамин және Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің кездесуі Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Тараптар ғарыш саласындағы, оның ішінде "Бәйтерек" жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты талқылады.

2018 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің Байқоңырда "Бәйтерек" кешенін құру туралы 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Ол жоба бойынша екі тараптың міндеттерін айқындайды, "Зенит-М" кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту үшін Қазақстан тарапына беруді қамтиды.

Қазақстан "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенін жаңғырту арқылы жерүсті инфрақұрылымын құруға жауап береді. Ресей "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын жасап жатыр, оны сол жерден ұшыру жоспарланған.

Бірінші ұшыру 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

Жаңалықтар
0