Токио Олимпиада ойындарының салтанатты түрде ашылуына санаулы сағаттар қалды.
Олимпиада ресми түрде ашылғанға дейін екі күн бұрын командалық спорт түрлері бойынша атлеттер жарысы басталып кетті.
Бүгін де атыс пен ат спорты бойынша жарыс өтіп, садақ ату мен академиялық есуден кім мықты екенін анықтайтын алғашқы алдын ала нәтиже белгілі болды. Қазақстандықтар екі ойын түрінен де жарысқа қатысты. Құрамадағы Денис Ганькин садақ атудан өте жақсы нәтиже көрсетсе, Владислав Яковлев ат жарысында үшінші болып жетті.
Олимпиада ойындарының Twitter-дегі парақшасында 2016 жылы Риода аталған спорт шарасының жабылу салтанатында Токионы кезекті Олимпиада ойындарының астанасы ретінде таныстырған видео жарияланды.
Relive the moment the @Olympics baton was passed from Rio 2016 to #Tokyo2020
— #Tokyo2020 (@Tokyo2020) July 23, 2021
We have less than 1⃣2⃣ hours to go before the Opening Ceremony 🏟️#UnitedByEmotion | #StrongerTogether pic.twitter.com/z6jVV9dsuJ
Небәрі бірнеше сағаттан соң Токиода Олимпиада алауы көтеріліп, дәстүр бойынша спортшылар стадионды бойлай шеруге шығады.