НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады. Оның айтуынша, санитарлық талаптарды сақтамау адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр.
"Қала тұрғындары күн сайын жолда, жұмыста, туыстарымен және т.б. адамдармен араласады. Өкінішке қарай, бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Санитарлық нормаларды және өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілін ұстанбау қатерге бас тігумен тең. Мұндай жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Бәріңізді шұғыл түрде екпе алуға шақырамын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Көлгінов вакциналау коронавирус жұқтырған жағдайда жансақтау бөліміне түсіп қалудан қорғайтынын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұр-Сұлтан әкімі құрылыс нысандарында да вакциналау жүргізудің маңызын атап өтті. Ол екпе салғызбаған жағдайда нысандар жабылуы мүмкін екенін ескертті.
"Биыл жұмыс көп. Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі, оқу орындардың, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б. артады. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмысы тоқтатылады. Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитетті дамыта аламыз", - деді ол.