Өңірлер

"Көршілер педофилді ұстады": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді

© AP Photo / Rick BowmerМужчина в наручниках, архивное фото
Мужчина в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Қызылорда облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында педофил ұсталған сәт түсірілген видео тарап кетті. Полиция қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Көршілер педофилді ұстады. Ер адам бес жасар қызға тиіскен. Оны әкесі көріп, полицияны шақырған", - делінген видеоның астындағы жазбада. 

Видеодан полицей формасын киген қызметкерлерді көруге болады. Олар видеоға түсіріп тұрған адамдарды ұстап, ер адамға жақындатпай тұр. Дегенмен біреуі күдіктінің бас киімін қағып жіберіп, түрін көрсетуді талап еткен.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana🇰🇿 (@megapolis.kz)

Қызылорда облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру, көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Кінәлі адам анықталған, оның іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі.  

"Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамалары белгіленіп, кешенді тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді", - дейді полицейлер.

Айта кетері, осы бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0