НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жағажайдағы кеште халық алдында тыр жалаңаш билеген қыз бен жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
28 жастағы ер адам он тәулікке қамауға алынса, 20 жастағы қыз бес күнге қамалды. Екеуі де Әкімiілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылды.
"Оған қоса, ер адам мас болған. Қоғамдық тәртіпті бұзып, көп адам жиналған жерде жалаңаш биледі", - дейді сот қызметкерлері.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бұдан бөлек, биге қатысқан тағы бір ер адамның жауапкершілігі де қарастырылатын болады. Ал "Ванильные берега" жағажайының иелері мен жалға алушыларына қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Оларға бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін айыппұл салынады. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлерге 230 АЕК (670 910 теңге), ал ЖШС - 310 АЕК (904 270 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
18 шілде күні БҚО-ның Бәйтерек ауданында орналасқан жағажайда кеш өткен. Оған 150 адам қатысқан. Үшеуі сахнаға шығып, конкурс кезінде тыр жалаңаш шешінген. Одан кейін халық алдында биледі.